Биыл күзде Астана мен Алматы қалаларында бірқатар ірі халықаралық спорттық іс-шаралар өтеді.
Қазақстанда үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі, әлем чемпионаттары, халықаралық сериялардың кезеңдері, сондай-ақ олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылады.
Басты додалардың бірі — күрес түрлерінен әлем чемпионаты. Бұдан бөлек, елімізде Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) басшылық органдарының отырыстары өтеді.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы Қазақстанда әлемдік және құрлықтық деңгейдегі 20-ға жуық халықаралық жарыс өткізу жоспарланған.
Ал 2027 жылы Астана алты әлем чемпионатын қабылдайды. Атап айтқанда, бокс, дзюдо, таеквондо, үстел теннисі, киберспорт және жасөспірімдер арасындағы шорт-тректен әлем чемпионаттары ұйымдастырылады.
Сондай-ақ елорда УЕФА-ның 51-ші Конгресі өтетін алаңға айналады.
