2024 жылғы 11 желтоқсанда біз, Ақмола облысы Қорғалжын ауданының жаңа әкімін тағайындау төңірегіндегі шиеленісті жағдай туралы жазғанбыз. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 25 қарашада, аудандық мәслихаттың кезектен тыс 25-ші сессиясында, Алмас Аянұлы Алиннің кандидатурасын барлық 10 депутат бірауыздан қолдамаған болатын. Алайда, сол күні оқиғалар өзгеше өрбіді.
Күннің екінші жартысында, Қорғалжын ауданына шұғыл сапармен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов келді, ол депутаттарды кезектен тыс кеңеске шұғыл шақырды. Алайда, отырысқа халық қалаулыларының оннан алтауы ғана келді. Кездесу барысында, Ахметжанов, ауданның одан әрі дамуы, Алмас Алиннің кандидатурасын қолдаған жағдайда ғана, мүмкін болатынын мәлімдеді. Қысым салдарынан немесе өз бастамасымен, қатысқан алты депутаттың бесеуі хаттамаға қол қойып, тағайындауға келісімін білдірді, ал бір депутат қарсы болды.
Алайда, бұл сессия «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 8-бабының 2-тармағына қайшы келеді, оған сәйкес, кворум, депутаттардың жалпы санының кемінде 2/3, яғни оннан кем дегенде жетеуінің қатысқанын талап етеді. Осыған қарамастан, Алмас Алин аудан әкімі болып тағайындалды.
Ақмола облысы әкімінің аппараты редакцияға осы оқиғалардың өз нұсқасын жолдады. Ақпараттары бойынша, 2024 жылғы 25 қарашада сағат 09:00-де Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б.Жүсіпов, облыс әкімінің орынбасары Е. Жаркешов, аудандық мәслихат төрағасы Б. Рыспаев және аудан депутаттарының кездесуі өтті. Осы нұсқаға сәйкес, кезектен тыс отырыс сағат 15.00-де өтті, онда Алиннің тағайындалуы көпшілік дауыспен мақұлданды.
Дегенмен, ұсынылған бейне басқа көріністі растайды. Кадрларда, күннің бірінші жартысында өткен сессияда, барлық 10 депутаттың Алиннің кандидатурасына бірауыздан қарсы дауыс бергені анық көрінеді. Бұл фактіні, облыстық мәслихат төрағасы Б. Жүсіповте, қоғамдық белсенділермен кездесуде растады. Деректердегі мұндай сәйкессіздік, Ақмола облысы әкімі аппараты тарататын ақпараттың шынайылығы туралы елеулі сұрақтар туғызады.
Түстен кейінгі сессияның заңды және барлық нормаларды сақтай отырып өткізілді деген, әкім аппаратының ақпараты, Заң бұзушылықты жасыру әрекеті сияқты көрінеді. Одан бөлек, бұл, азаматтардың, аудан басшылығымен қатар, облыстық билікке деген сеніміне нұқсан келтіреді.
Аудан тұрғындарының, оның ішінде белсенділер мен депутаттардың наразылығы орынды: халық мүддесін жеткізуші депутаттардың үнімен қоғам өкілдерінің пікірі, неліктен мүлдем еленбей қалды? Негізгі шешімдерді халық өкілдері емес, сыртқы күштер қабылдайтындай әсер пайда болады, бұл болып жатқан оқиғалардың ашықтығы мен заңдылығына үлкен күмән келтіреді.
Біз, жағдайға үкімет тарапынан тиісті баға беріліп, заңды бұзғандар жауапқа тартылады деп сенеміз. Азаматтар, басқарудағы ашықтық пен адалдыққа құқылы. Біз бұл жағдайдың дамуын бақылауды жалғастырамыз және жаңа фактілер туралы сіздерді хабардар етеміз.