Жаңалықтар

2026 ЖЫЛДЫҢ 1 СӘУІРІНЕН БАСТАП ЖАҢА ІРІКТЕУ ЖҮЙЕСІ

2026 жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік қызметке кіру тәртібі өзгерді

2026 жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік қызметке үміткерлер eqyzmet.gov.kz порталы арқылы тіркеледі. Тіркелу үшін ЖСН мен ЭЦҚ қажет.

Конкурстық рәсімдер ұзақтығы – 5–7 жұмыс күні:
• Құжаттарды қабылдау және қарау – 3 күн;
• Конкурс кезеңдері – 3–4 күн.

Тестілеу нәтижелерінің жарамдылық мерзімі – 1 жыл.

Оған мемлекеттік тілді, заңнаманы білу және жеке қасиеттерді бағалау (ЖҚБ) нәтижелері кіреді. ЖҚБ жүйе белгілеген кесте бойынша автоматты түрде өтеді, қатысу күні үміткердің жеке кабинетіне жіберіледі.

Конкурс кезеңдері: Жалпы конкурсқа тестілеуден және ЖҚБ-дан шекті мәннен төмен емес нәтиже алғандар қатыса алады. ЖҚБ нәтижесі бойынша ТОП 5 кандидат конкурсқа жіберіледі.

Лауазым деңгейіне қарай тапсырмалар:
• Басшылық емес лауазымдар: екі практикалық тапсырма (қашықтан, 1 күнде);
• Басшылық лауазымдар: 250 сөзге дейін эссе және кейін бейнебайланыс арқылы сұхбат.

Нәтижелер жүйеде автоматты түрде есептеліп, ең көп балл жинаған үміткер жеңімпаз деп танылады.

Жеңімпаз келесі жұмыс күні қызметке тағайындалады (егер өзге мерзім келісілмеген болса).

Back to top button