Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда 1,7 млн гектарға жуық алқап өңделіп, бұл жоспарланған көлемнің 76,2%-ын құрады. Жұмыстар штаттық режимде жүргізілуде.
Науқан барысын агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің басшылығы бақылауда ұстап отыр. Осы мақсатта Қарағанды, Алматы және Жетісу облыстарында көшпелі тексерулер жүргізілуде.
2026 жылы қорғаныс шаралары шамамен 2,2 млн гектар алқапты қамтиды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда шамамен үштен біріне аз. Мұндай көрсеткіштің төмендеуі профилактика мен фитосанитариялық мониторинг тиімділігінің артуымен байланысты.
Өңдеу жұмыстарын жүргізуге қосымша 556 желдеткішті бүріккіш пен ошақтарды бақылау және өңдеу үшін 100-ден астам ұшқышсыз ұшу аппараты тартылған. Жұмыстарды үйлестіру FITOCENTRE қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен бірлесіп жасанды интеллект пен цифрлық мониторинг технологиялары енгізілуде.
