Жаңалықтар

«СОКОЛ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДРИФТ ТУРНИРІ АЛДЫНДА FIA ИНСПЕКТОРЛАРЫН ҚАБЫЛДАУДА

Халықаралық автомобиль федерациясының (FIA) өкілдері Алматы облысындағы «Сокол» спорттық-туристік кешеніне келді. Мұнда 25-27 қыркүйек аралығында алғашқы FIA Central Asia Drifting Cup турнирі өтеді.

Инспекторлар жарыс жолы мен инфрақұрылымның дайындығын бағалап, сондай-ақ қатысушылардың көліктерін FIA-ның техникалық талаптары мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін тексеруде.

Қазақстан алғаш рет FIA-ның дрифт бойынша ресми өңірлік турнирін қабылдайды. Жарыс FIA Grade 2 халықаралық сертификатына ие Sokol International Circuit трассасында өтеді.

Кубок бағдарламасына жаттығу, іріктеу кезеңі және жұптық сайыстар кіреді. Турнир қорытындысы бойынша жеке және командалық есептегі жеңімпаздар анықталады.

Back to top button