Жаңалықтар

Вейп — өмірге қауіп төндіреді! Өкпеңіз бен денсаулығыңызды қорғаңыз.

Вейптерді көп жағдайда кәдімгі темекіге қауіпсіз балама ретінде қабылдайды. Алайда олардың аэрозолінің құрамында никотин және өкпеге, жүрек пен қан тамырларына кері әсер ететін басқа да зиянды заттар болуы мүмкін.

Электронды темекіні тұрақты пайдалану никотинге тәуелділікке, тыныс алу жолдарының тітіркенуіне, жөтел мен ентігуге әкелуі мүмкін. Әсіресе ағзасы әлі қалыптасып келе жатқан жасөспірімдер мен жастар үшін вейп қолдану қауіпті.

Вейптен бас тартыңыз — өкпе саулығын сақтап, никотинге тәуелділіктен өзіңізді қорғаңыз!

Back to top button