Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген Қазақстанның үш азаматын жақын арада экстрадициялау туралы келісімге қол жеткізді.
Бұл мәселе Қазақстан делегациясының Абу-Дабиде өткен БҰҰ-ның Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі 15-конгресі аясында Дубай прокуратурасы мен полициясының өкілдерімен кездесуінде талқыланды.
Тараптар қылмыстық-құқықтық саладағы одан әрі ынтымақтастық мәселелерін де қарастырды. Атап айтқанда, ұстап беру туралы шартқа қосымша хаттамаға қол қою мүмкіндігі талқыланды.