Жаңалықтар

АЛАТАУДА ЖЕР ДАУЛАРЫ БОЙЫНША СОТ ПРАКТИКАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алатау қаласының сотында қаланың ерекше құқықтық режимін ескере отырып, жер дауларын қарау мәселелеріне арналған кәсіби талқылау өтті.

Дөңгелек үстелге Алматы облыстық сотының, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының, прокуратураның, әкімдіктің, жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдардың және Alatau City Authority өкілдері қатысты.

Негізгі назар жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге, жер учаскелерін беруге, жер пайдалану шарттарын ұзартуға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен Уақытша комиссия шешімдеріне шағымдануға байланысты дауларға аударылды.

Қатысушылар құқық қолдану саласындағы өзекті мәселелерді қарастырып, жер қатынастары бойынша сот практикасын одан әрі жетілдіру тәсілдерін талқылады. Сондай-ақ осындай дауларды шешу кезінде соттар, прокуратура және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылына ерекше мән берілді.

Back to top button