Жаңалықтар

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ: АСТАНАДАҒЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЛАР ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ

Елордада учаскелік инспекторларға арналған бірыңғай цифрлық платформа жұмыс істейді. Ол аумақ, халық және профилактикалық есепте тұрған азаматтар туралы ақпаратты бір жерге жинақтайды. «Цифрлық учаскелік инспектор» жүйесі қызметкерлерге қажетті мәліметтерді жылдам алуға және күнделікті жұмысын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Инспектордың жұмыс кеңістігінде оған бекітілген учаске туралы мәліметтер, интерактивті карта және профилактикалық есепте тұрған азаматтар туралы ақпарат қамтылған. Сонымен қатар мұнда ахуалды және атқарылған жұмыстың нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін статистикалық көрсеткіштер қолжетімді.

Жүйенің көмегімен учаскелік инспекторларға ішкі жасанды интеллект көмекшісі қолжетімді болды. Ол ресми құжаттар мен нормативтік-құқықтық базадан жауаптарды іздеп, қызметкерге қажетті мәселені жедел түсінуге көмектеседі. Бұл ретте деректер сыртқы интернетке шығарылмайды: ақпаратты өңдеу ведомствоның ішкі цифрлық ортасында жүзеге асырылады.

Учаскелік қызмет үшін бұл техникалық және күнделікті міндеттерге жұмсалатын уақыттың қысқаруын білдіреді. Қажетті ақпараттың барлығы бір ортада қолжетімді болғандықтан, қызметкерлер жұмыс шешімдерін жылдам қабылдап, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және халықпен қарым-қатынас жасауға көбірек көңіл бөле алады.

Back to top button