Жаңалықтар

АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕН БАС ТАРТҚАНДА АҚШАНЫ ҚАЛАЙ ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ: НАҚТЫ ЖАҒДАЙ

Шымкент қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған қызына арналған ағылшын тілі курстарынан бас тартқаннан кейін өз құқықтарын қорғап, төленген ақшасын қайтаруға қол жеткізді.

Әйел алты айлық оқу курсын сатып алғанымен, келесі күні-ақ оқу орталығына қызметтен бас тартатынын хабарлаған. Бұл ретте бала бірде-бір сабаққа қатыспаған. Алайда тұтынушы ақшаны қайтару мәселесі бойынша нақты жауап ала алмаған.

Осыдан кейін ол Шымкент қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген. Оқу орталығымен жүргізілген жұмыс нәтижесінде әйелдің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Бұл жағдай ақылы қызметтен бас тартқан кезде өз құқықтарын қорғау тәртібін білудің маңыздылығын көрсетеді. Тұтынушыларға қызмет көрсетушіге ақшаны қайтару туралы жазбаша өтініш жолдау, сондай-ақ түбіртектерді, шарттарды және хат алмасу деректерін сақтау ұсынылады. Толық соманы қайтару мүмкіндігі істің мән-жайына және заңнама талаптарына, соның ішінде қызмет көрсетушінің нақты шығындарын растайтын құжаттардың болуына байланысты.

Егер дауды өз бетінше шешу мүмкін болмаса, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға жүгінуге болады. Уақытылы өтініш беру және растайтын құжаттардың болуы өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмектеседі.

Back to top button