Жаңалықтар

ЖОЛДАРДАҒЫ ҚАРАУСЫЗ МАЛ — ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ҚАУІП: ПОЛИЦИЯ РЕЙДТЕРДІ КҮШЕЙТТІ

Қазақстан жолдарында ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз жаю жол қозғалысына қауіп төндіріп отыр. Жыл басынан бері малды ұстау және жаю қағидаларын бұзғаны үшін 2 035 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және мал ұрлығының жолын кесуге бағытталған.

Рейд барысында полицейлер автомобиль жолдарының маңында және тікелей жолдың жүру бөлігінде қараусыз жүрген малды анықтайды. Табылған жануарлар арнайы тұрақтарға жеткізіледі. Облыста осы мақсатқа арналған 128 алаң қарастырылған. Жыл басынан бері оларға 27 800 бас мал орналастырылған.

Осындай соңғы оқиғалардың бірі Омбы — Майқапшағай автожолының 498-шақырымында тіркелді. Онда жылқы үйірі жолдың жүру бөлігіне шығып кеткен. Осыған ұқсас тағы бір жағдай Павлодар – Успенка тасжолында болды. Құқық қорғау қызметкерлері қараусыз жүрген 20 бас ірі қараны анықтады.

Екі жағдайда да полицейлер жануарлардың иелерін анықтап, малды арнайы тұрақтарға жеткізді. Ал иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Back to top button