Рейдтік іс-шаралар барысында көлік құралдары салығы бойынша орындалмаған салық міндеттемелері бар азаматтардың көлік құралдары анықталуда.
Борышкерлерге қатысты атқарушылық іс жүргізу шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мәжбүрлеп орындату шаралары қолданылуда.
Заңды негіздер болған жағдайда көлік құралдары ұсталып, мамандандырылған айыппұл тұрақтарына қойылады.
Құрметті салық төлеушілер!
Мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының қолданылуына жол бермеу мақсатында салықтарды уақтылы төлеуге және қалыптасқан салық берешегін өтеуге шақырамыз.

