Жаңалықтар

АЛМАТЫДА АЛҒАШҚЫ КРЕМАТОРИЙ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий таныстырылды. Нысан қаланың ритуалдық қызмет көрсету жүйесінің бір бөлігіне айналады. Ол «Қалалық патологоанатомиялық бюроның» басқаруына берілді. Крематорий дәстүрлі жерлеудің орнына балама ретінде емес, азаматтардың қалауы бойынша қолжетімді қосымша қызмет ретінде енгізіліп отыр.

Крематорийде чех өндірісінің заманауи жабдықтары орнатылған. Олардың қатарында екі сатылы жану жүйесі мен көпдеңгейлі сүзгісі бар екі кремациялық пеш бар. Жабдықтың техникалық сипаттамалары қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға мүмкіндік береді. Кремация процесі кезінде температура 800-1100 градусқа дейін жетеді, ал бір рәсім орта есеппен екі сағатқа созылады. Ең жоғары жүктеме кезінде әр пеш тәулігіне сегізге дейін операция орындай алады.

Қызмет құны 240 мың теңге деңгейінде бекітілген. Кремация барлық қажетті құжаттар болған жағдайда ғана жүргізіледі: не адамның тірі кезінде берген келісімі, не туыстарының нотариалды түрде расталған келісімі талап етіледі.

Өтінімдерді қабылдау және крематорийдің толыққанды іске қосылуы мамыр айының алғашқы онкүндігіне жоспарланған.

Back to top button