Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ КҮШІНЕ ЕНДІ

 

Қазақстан Президенті азаматтарды жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтап, бұл күнді еліміздің қазіргі тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі деп атады.

«Бұл күн саяси жүйенің түбегейлі жаңғыруын, мемлекет пен азаматтық қоғамның негізгі институттарының трансформациясын білдіреді», — деді мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, 15 наурызда өткен жалпыхалықтық референдумда қазақстандықтар алдағы ондаған жылдағы елдің даму бағытын айқындайтын таңдау жасады. Ол дауыс беру қорытындылары азаматтардың жоғары азаматтық жауапкершілігі мен мемлекеттің болашағын айқындауға белсенді қатысқанын көрсеткенін атап өтті.

Мемлекет басшысы бұл күннің символдық мәніне де тоқталды. Енді Конституция күні «Наурызнама» онкүндігінің басталуымен тұспа-тұс келеді. Президенттің пікірінше, бұл көктемгі жаңару дәстүрлерін азаматтық ынтымақ, білімге құрмет және жасампаз еңбек қағидаттарына негізделген жаңа Ата заңның құндылықтарымен ұштастырады.

Президент жаңартылған Конституция заң мен тәртіп, еңбекқорлық, прогресс, табиғатқа жанашырлық және қоғамдық бірлік құндылықтарын нығайтудың берік құқықтық негізіне айналатынына сенім білдірді.

Сөз соңында қолға алынған реформаларды іске асыру нәтижесінде тең мүмкіндіктерге, тұрақты дамуға және азаматтардың әл-ауқатына негізделген Әділетті Қазақстан құруға жол ашылатынын атап өтті.

Back to top button