Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын INFO MONITORING ақпарат агенттігінің сайтында және онлайн-платформаларында (әлеуметтік желілерде) орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы
«INFO MONITORING» ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған сайлауға қатысатын, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларды INFO MONITORING сайтында және әлеуметтік желілерде үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабардар етеді.
Сайлауалды үгіт 2026 жылғы 23 шілде күні сағат 18:00-ден бастап жүргізіледі және 2026 жылғы 22 тамыз күні сағат 00:00-де аяқталады.
Ақпараттық материалдар «INFO MONITORING» ақпарат агенттігінің сайтында және ресми онлайн-платформаларында (әлеуметтік желілерде) келесідей форматтарда орналастырылады:
| № | Материал түрлері | Материал көлемі | Бағасы KZT |
| 1 | Екі тілдегі дайын баспа материалын орналастыру. | Мәтін көлемі (орыс және қазақ тілдерінде) бос орындарды қоса есептегенде 5 000 таңбадан аспауға, фотосуреттер саны 9-дан аспауға тиіс. | 200 000 |
| Екі тілдегі бейнематериалды орналастыру. | Ұзақтығы 60 секундтан аспайтын бейнематериал және оған қоса берілетін мәтін (бос орындарды қоса есептегенде 2 200 таңбадан аспауы керек). | 350 000 |
Орналастыру мынадай платформаларда жүзеге асырылады:
Баспа материалы үшін:
- INFO MONITORING сайты;
- YouTube;
- Instagram;
- TikTok;
- Telegram;
- WhatsApp арнасы;
- Aitube
Бейнематериал үшін:
- INFO MONITORING сайты;
- Instagram;
- YouTube;
- Telegram;
- TikTok
Барлық үгіт материалдары «INFO MONITORING» ақпарат агенттігіне толық дайын күйінде ұсынылады және редакциялық өңдеуге жатпайды.
«INFO MONITORING» ақпарат агенттігі үгіт материалдарын өзінің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында кандидаттардың партиялық тізімін ұсынған саяси партиямен жасалған жазбаша шарт негізінде орналастырады.
Үгіт материалдарының саны, көлемі, орналастырылатын күні мен уақыты кандидаттардың партиялық тізімін ұсынған саяси партияның сенім білдірілген өкілі ұсынатын жазбаша өтініште көрсетіледі және шартта бекітіледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
- партиялық тізімнің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
- саяси партияның сенім білдірілген өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (оның ішінде уәкілетті орган берген куәлік);
- өтініш беруші саяси партияның сенім білдірілген өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар;
- қағаз жеткізгіштегі үгіт материалының мәтіні.
Үгіт материалдары сайтта және әлеуметтік желілердегі парақшаларда орналастырылатын болжамды күнге дейін кемінде 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын ұсынылады.
«INFO MONITORING» ақпарат агенттігі үгіт материалдары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, оларды орналастырудан бас тартуға құқылы.
Сайтта және әлеуметтік желілердегі парақшаларда үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу уақыты бойынша айқындалады. Өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда, кезектілік жеребе тарту арқылы белгіленеді. Жеребе тарту тәртібін «INFO MONITORING» ақпарат агенттігі айқындайды.
Үгіт материалдарында олардың ақысы төленгені туралы мәліметтер, қаржыландыру көздері, сондай-ақ тиісті ақпаратты ұсынған тұлға туралы деректер көрсетілуге тиіс.
Саяси партиялар үгіт материалдарының мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтарды сақтау бөлігінде сәйкестігі үшін жауапты болады.
Үгіт материалдарын орналастыру жөнінде жасалған шарт бойынша төлем ұсынылған төлем шотының негізінде, шот қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Жазбаша өтініштер 2026 жылғы 13 шілдеден бастап 2026 жылғы 17 тамызды қоса алғандағы кезеңде, сағат 09:30-дан 17:00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Алматы облысы, Қонаев қаласы, 3-шағынаудан, 11-үй, 63-пәтер. Барлық сұрақтар бойынша +7 707 466 34 73 телефон нөміріне хабарласуға болады.
Факсимильдік байланыс және Интернет желісі арқылы жіберілген өтініштер қабылданбайды.
