Алматыда өткен Қазақстан–Корея бизнес-форумы аясында инвестиция, өндіріс және экспорт салаларында бірқатар жаңа келісімге қол қойылды.
Маңызды жобалардың бірі – Қазақстанда бұқтырылған ет өнімдерін өндіретін цех салу. Жобаны қазақстандық Samsar Investment компаниясы жүзеге асырады. Инвестиция көлемі $1,3 млн болады.
Сонымен қатар тараптар Оңтүстік Кореяға құны $13 млн болатын 1 мың тонна сиыр етін жеткізу туралы уағдаласты. Бұдан бөлек, Samsar Investment корей нарығына ай сайын 3 мың тонна тазартылған күнбағыс майын экспорттауды жоспарлап отыр.
Форум қорытындысы бойынша жалпы сомасы $54,8 млн болатын коммерциялық құжаттарға қол қойылды. Іс-шараға екі елдің 200-ден астам бизнес өкілі қатысты. Оның ішінде Корея делегациясының құрамында 100-ге жуық кәсіпкер болды.
Кездесуге Корея импорттаушылар қауымдастығы (KOIMA) да қатысты. Форум 2026 жылғы маусымда Сеулде өткен Korea Import Expo 2026 көрмесінде басталған ынтымақтастықты жалғастырды. Аталған көрмеде Қазақстанның атынан аграрлық және тамақ өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін 15 компания таныстырылған болатын.
Екі ел арасындағы сауда айналымы да өсіп келеді. 2025 жылы тауар айналымы $3,17 млрд-қа жетіп, 1,3%-ға артты. Ал 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында бұл көрсеткіш $1,3 млрд болды. Осы кезеңде Қазақстан өнімдерінің Кореяға экспорты 17,2%-ға өскен.
Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Қазақстанның Оңтүстік Кореямен сауда көлемін арттыруға ғана емес, қосылған құны жоғары дайын өнім экспортын ұлғайтуға да мүдделі екенін
