Air Astana 2026 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Астана — Бангкок бағыты бойынша рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына екі рет Airbus A321LR ұшақтарымен орындалады.
Жаңа бағыттың ашылуымен Қазақстан мен Таиланд арасындағы әуе рейстерінің саны аптасына 20-ға дейін артады. Елдер арасындағы жолаушылар тасымалы төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Қазір Air Astana Алматыдан Бангкок пен Пхукетке рейстер орындайды. Ал SCAT әуе компаниясы Шымкентті Бангкокпен байланыстырады.
Жаңа рейс Қазақстан мен Таиланд астаналарын алғаш рет тікелей байланыстырып, солтүстік өңірлердің тұрғындарына Таиландқа барудың қосымша мүмкіндігін ұсынады.
