Жаңалықтар

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ СИМВОЛЫ: ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ТАЗЫ МЕН ТӨБЕТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТУДЕ

Қазақстанда бүгін алғаш рет қазақы тазы мен төбет күні аталып өтіп отыр.
Қазақы тазы — Ұлы даланың символдарының бірі әрі қазақ халқының «Жеті қазынасының» қатарына кіретін асыл тұқымды ит. Бұл иттер ептілігі, төзімділігі, күші және адамға деген адалдығымен ерекшеленеді.

Соңғы жылдары Қазақстанда ұлттық ит тұқымдарын сақтау және дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қазақы ит тұқымдарын сақтау және көбейту туралы заң қабылданды.

Қазақстан сондай-ақ халықаралық кинологиялық федерацияның толыққанды мүшесі атанды.
2024 жылы қазақы тазыға алдын ала халықаралық мойындау беріліп, Қазақстан бұл тұқымның ресми шыққан елі ретінде танылды.

Бүгінде қазақы тазылар халықаралық көрмелерге қатысып, оларды асылдандыру жұмыстары қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар елімізде қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығының құрылысы аяқталуға жақын.

Қазақы тазы мен төбет күнінің белгіленуі ата-баба дәстүрін ұлықтауға, ұлттық ит тұқымдарын сақтауға және оларды Қазақстанның мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретінде кеңінен насихаттауға бағытталған.

Back to top button