Жаңалықтар

КӨКӨЗЕКТЕ ЗАМАНАУИ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Алматы облысында Mercury Logistics Solutions заманауи өндірістік-логистикалық кешенінің алғашқы кезеңі іске қосылды. «А» санатындағы жаңа нысан Қарасай ауданындағы Көкөзек ауылында орналасқан. Жобаның алғашқы кезеңі аясында жалпы аумағы 44 мың шаршы метрді құрайтын инженерлік және қойма инфрақұрылымы пайдалануға берілді.

КӨКӨЗЕКТЕ ЗАМАНАУИ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Жобаға салынған инвестиция көлемі 70 млрд теңгені құрайды. Қазіргі уақытта 135 тұрақты жұмыс орны ашылды. Құрылыстың барлық төрт кезеңі аяқталғаннан кейін олардың саны 1200-ге жетеді.

КӨКӨЗЕКТЕ ЗАМАНАУИ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты. Ол заманауи логистикалық инфрақұрылымды дамыту инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, бизнесті қолдауға және өңір экономикасын нығайтуға ықпал ететінін айтты. Оның сөзінше, тиімді географиялық орналасуы мен дамыған инфрақұрылымының арқасында Қарасай ауданы Алматы агломерациясының экономикалық өсімінің негізгі орталықтарының біріне айналып келеді.

КӨКӨЗЕКТЕ ЗАМАНАУИ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Mercury Logistics Solutions компаниясының бас директоры Нұрмат Суеркұловтың айтуынша, кешен халықаралық тасымалдан бастап кедендік рәсімдеу, таңбалау, сақтау, сұрыптау және тауарларды клиенттер мен маркетплейстерге жөнелтуге дейінгі логистикалық қызметтердің толық циклін ұсынады.

КӨКӨЗЕКТЕ ЗАМАНАУИ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Кешен төрт блоктан тұрады. Оның екеуі әрқайсысының аумағы 6 мың шаршы метрден асатын көптемпературалы қоймалар. Мұнда өнімдерді -22-ден +0,5 °C-қа дейінгі температурада сақтауға және бір мезетте 45 мың паллетке дейін орналастыруға мүмкіндік бар. Барлық өндірістік және логистикалық үдерістер заманауи басқару жүйелері арқылы автоматтандырылған.

КӨКӨЗЕКТЕ ЗАМАНАУИ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Жобаны толық аяқтау 2030 жылға жоспарланған. Болашақта 50 гектар аумақта жеке теміржол тармағы мен контейнерлік терминалы бар халықаралық деңгейдегі ірі өндірістік-логистикалық хаб салынады. Сондай-ақ компания Алматы, Астана және Шымкент қалаларында да осындай логистикалық орталықтар ашуды жоспарлап отыр.

КӨКӨЗЕКТЕ ЗАМАНАУИ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Облыс әкімдігінің мәліметінше, соңғы үш жылда Алматы облысындағы «А» санатындағы қоймалар саны 44 есеге артқан. Жыл соңына дейін Іле және Қарасай аудандарында тағы үш осындай кешен іске қосылып, өңірдің және елдің көлік-логистикалық әлеуетін одан әрі күшейтпек.

КӨКӨЗЕКТЕ ЗАМАНАУИ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Back to top button