Дене белсенділігі — салауатты өмір салтының маңызды құрамдас бөлігі. Күніне небәрі 30 минут қимылдау жүрек-қантамыр жүйесін нығайтуға, бұлшықеттерді сергек ұстауға, көңіл-күйді жақсартуға және көптеген аурулардың даму қаупін азайтуға көмектеседі.
Бұл жылдам жүру, жүгіру, велосипед тебу, гимнастика жасау немесе белсенді ойындарға қатысу болуы мүмкін. Ең бастысы — өзіңізге қолайлы дене белсенділігін таңдап, оны тұрақты түрде орындау.
Күн сайын қимылдаңыз — бұл денсаулығыңыз бен ұзақ ғұмырыңызға қосылатын қарапайым әрі қолжетімді үлес!
