Жаңалықтар

АЛАТАУҒА «ЖАСЫЛ ЖАРЫҚ» ЖАҒЫЛДЫ: СОТ ҚАЛАҒА ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕ БЕРУДІ МАҚҰЛДАДЫ

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты 2026 жылғы 27 наурызда Парламент қабылдаған Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы заңды Конституцияға толықтай сәйкес деп таныды.

Құжат бизнес, инвестиция және технологияларды енгізу үшін ерекше жағдайлар жасалатын «қарқынды даму қаласын» құрудың құқықтық негізін қалайды. Жаңа режим экономикалық процестерді жеңілдетіп, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырады деп күтілуде.

Заң нормалары кезең-кезеңімен күшіне енеді: алдымен 2026 жылғы 1 шілдеден бастап, кейін 2027 жылғы 1 қаңтар мен 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Мұндай тәсіл басқару жүйесін бейімдеуге және ықтимал тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, сот ерекше мәртебе Конституция үстемдігін жоққа шығармайтынын, ал қаланың басқару органдары қабылдайтын барлық шешімдер негізгі заңға қатаң сәйкес келуі тиіс екенін атап өтті.

Back to top button