Жаңалықтар

ИНТЕРНЕТТЕ АЛДАНҒАННАН КЕЙІН 1,3 МЛН ТЕҢГЕСІН ҚАЙТАРҒАН ТҰТЫНУШЫ ОҚИҒАСЫ

Түркістан облысының тұрғыны үшін тон сатып алу үлкен күйзеліске айналды.

Келіншек интернет арқылы тапсырыс беріп, қымбат тауарды уақытында аламын деген үмітпен 1,3 млн теңге көлемінде алдын ала төлем жасаған. Бірақ тұтынушы толық елемеуге тап болған: ешқандай жеткізілім де, түсіндіру де, кері байланыс та болмаған. Сатушы байланысқа шықпай, із-түссіз жоғалған.

Тұтынушы өз құқығын қорғау үшін сотқа дейінгі талап-арыз жолдаған. Түркістан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің араласуынан кейін іс тез арада шешімін тауып, сатушы барлық соманы толық қайтарды.

Бұл жағдай тағы да дәлелдеді: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы-қорғаудың нақты құралы. Сатушы байланысқа шықпаса да, жұмсалған ақшаны қайтарып алуға мүмкіндік бар — заңға сәйкес уақыт оздырмай әрекет ету маңызды.

Back to top button