Жаңалықтар

ТУРИСТ БАӘ-ҒА ЖОЛДАМА ҮШІН ТӨЛЕНГЕН ҚАРАЖАТТЫ ТОЛЫҚ ҚАЙТАРУҒА ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

2026 жылғы ақпанда Көкшетау қаласының тұрғыны туристік агенттікпен 5 400 000 теңге сомасына жария оферта шартына отырған. Шарттың негізі — туроператор арқылы Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) сапарды брондау болған.

Алайда, сапар дәлелді себептерге байланысты тоқтатылып, тұтынушы бұл туралы орындаушыға алдын ала хабарлаған. Сонымен қатар, төленген қаражатты толық қайтару туралы ресми талап жолданған.

Туристік агенттік тарапынан қаражатты дереу қайтарудан бас тартылып, оның орнына сапар мерзімін өзгерту немесе қаражатты ұзақ мерзімде қайтару ұсынылған. Осыған байланысты тұтынушы Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінуге мәжбүр болды.

Нәтижесінде тұтынушыға төленген қаражат толық көлемде қайтарылды.

Департаментте түсіндірілгендей, қолданыстағы заңнамаға сәйкес турист сапар басталғанға дейін туристік қызметтерден бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда орындаушы төленген соманы қайтаруға міндетті. Тек нақты жұмсалған шығындар ғана ұстап қалынуы мүмкін және олар құжат жүзінде расталуы тиіс.

Back to top button