Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ БАНК БІРЫҢҒАЙ QR ЖҮЙЕСІНІҢ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛАТЫН КҮНІН ЖАРИЯЛАДЫ

Қазақстанда төлем жасауға арналған бірыңғай QR-код жүйесі кезең-кезеңімен енгізіле бастайды. Сервисті ауқымды енгізу 7 шілдеде басталып, жүйені толық іске қосу 2026 жылғы 19 шілдеге жоспарланған.

Тиісті шешім Алматы қаласында өткен Қазақстан Ұлттық банкі, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, екінші деңгейлі банктердің басшылары мен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы өкілдерінің кездесуі барысында қабылданды.

Кездесуде банктердің банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қосылуға дайындығы, сондай-ақ мобильді аударымдар мен QR-төлем сервистерін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек, жиында банктердің цифрлық активтер нарығына қатысушылармен өзара іс-қимылы, цифрлық теңгені пайдалану перспективалары және банктерге мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қолжетімділік берудің жаңа тәсілдері қарастырылды.

Back to top button