Жаңалықтар

111 – БІР ҚОҢЫРАУ БАЛАНЫҢ ТАҒДЫРЫН ӨЗГЕРТЕ АЛАДЫ

Әрбір бала қауіпсіз ортада өмір сүруге, қорғалуға және қолдау алуға құқылы. Егер сіз балаға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгездік, қараусыз қалу немесе оның құқықтарының бұзылуы фактілерін байқасаңыз – бейжай қалмаңыз.

111 – Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы тәулік бойы (24/7) жұмыс істейді. Әрбір хабарлама мұқият қаралып, қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдар жедел әрекет етеді. Хабарласу қауіпсіз, ал жеке деректердің құпиялығы сақталады.

Алматы облысының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы сіздің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда кез келген уақытта көмек көрсетуге дайын. Біз әрбір баланың қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету үшін әрдайым қолдау көрсетуге әзірміз.

Баланың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.

Қауіп төнген жағдайда немесе көмек қажет болса, 111 нөміріне хабарласыңыз.
Бір қоңырау – бір баланың тағдырын өзгерте алады.

Back to top button