Қонаев қаласында жазғы туристік маусымға жүйелі дайындық жалғасуда. Жұмыстар қала әкімдігінің белсенді қатысуымен жүргізіліп, инвесторлармен өзара іс-қимыл орнату және туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында ұйымдастырылып жатыр.
Негізгі нысандардың бірі – №4 жағажай. Аталған аумақ жеке инвестициялар есебінен абаттандырылып жатыр. Қазіргі уақытта мұнда көріктендіру жұмыстары жүргізілуде.
Жаңғырту нәтижесінде демалушылар үшін жайлылық артып, қызмет көрсету сапасы жақсарып, қаланың туристік тартымдылығы күшейеді деп күтілуде.
Шомылу маусымы аяқталғаннан кейін бұл аумақта құрылыс жұмыстары жалғасады. Мұнда ірі қонақүй кешенінің жобасын іске асыру жоспарланған. Бұл жағалау аймағын дамытудың келесі кезеңі болмақ.
