Жаңалықтар

ТУРОПЕРАТОРҒА ШАҒЫМДАНҒАН ТУРИСТКЕ 765 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Ақмола облысының тұрғыны ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгініп, туристік қызметтер үшін төлеген қаражатын толық қайтарып алды.

Көрсетілген қызметтердің жалпы құны 765 446 теңгені құраған. Сапардан бас тарту туралы шешім қабылдағаннан кейін тұтынушы қызметтерден ресми түрде бас тартып, ақшасын қайтаруды талап еткен. Алайда қаражат уақытында қайтарылмағандықтан, ол уәкілетті органнан көмек сұраған.

Департамент қызметкерлері өтінішті қарап, дауды реттеу бойынша тиісті жұмыс жүргізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде тұтынушыға 765 446 теңге толық көлемде қайтарылды.

Мәселе сотқа жүгінбей шешілді. Тұтынушының құқықтары толық қалпына келтіріліп, оның бұл мәселеге қатысты шағымы болмады.

Back to top button