Жаңалықтар

ЖАСЫРЫН ЖӘНЕ ЖАЛҒАН НӨМІР ТАҚҚАН МЫҢДАҒАН ЖҮРГІЗУШІ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

 

Қазақстанның ақылы жолдарында жыл басынан бері мемлекеттік тіркеу нөмірлерін жасыру немесе қолдан жасауға қатысты екі мыңға жуық дерек анықталды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады.ЖАСЫРЫН ЖӘНЕ ЖАЛҒАН НӨМІР ТАҚҚАН МЫҢДАҒАН ЖҮРГІЗУШІ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Жол операторының мәліметінше, кейбір жүргізушілер жол ақысын төлемеу және құқық бұзушылықтарды тіркейтін камералардың бақылауынан жалтару үшін көлік нөмірлерін әдейі жасырады немесе олардың сыртқы келбетін өзгертеді. Алайда ұлттық компания өкілдері мұндай әрекеттер жол ақысынан жалтаруға ғана емес, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларына, жол қозғалысы ережелерін бұзуға және басқа да оқиғаларға қатысы бар көліктерді анықтауға кедергі келтіретінін атап өтті.

ЖАСЫРЫН ЖӘНЕ ЖАЛҒАН НӨМІР ТАҚҚАН МЫҢДАҒАН ЖҮРГІЗУШІ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Кей жағдайларда құқық арнайы құрылғыларды пайдаланады. Мәселен, жүк көліктерінің бірінен батырманы басқан сәтте нөмірді аударып, камераларға оқылмайтын күйге келтіретін механизм табылған.

ЖАСЫРЫН ЖӘНЕ ЖАЛҒАН НӨМІР ТАҚҚАН МЫҢДАҒАН ЖҮРГІЗУШІ ӘШКЕРЕЛЕНДІ
Screenshot

Құқық бұзушылықтарға көлік құралына тиесілі емес нөмірлерді орнату, жалған немесе өзгертілген нөмірлерді пайдалану, сондай-ақ нөмірді тануға кедергі келтіретін түрлі бүркемелеу құралдарын қолдану жатады. Олардың қатарында арнайы үлдірлер, жапсырмалар, перделер, аударылмалы механизмдер, электронды панельдер және басқа да құрылғылар бар.

ЖАСЫРЫН ЖӘНЕ ЖАЛҒАН НӨМІР ТАҚҚАН МЫҢДАҒАН ЖҮРГІЗУШІ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Анықталған барлық фактілер бойынша материалдар тиісті шара қабылдау үшін ішкі істер органдары мен патрульдік полиция бөлімшелеріне жолданады.

ЖАСЫРЫН ЖӘНЕ ЖАЛҒАН НӨМІР ТАҚҚАН МЫҢДАҒАН ЖҮРГІЗУШІ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

«ҚазАвтоЖол» өкілдері мемлекеттік тіркеу нөмірі таза, анық көрінетін және белгіленген орынға орнатылған болуы тиіс екенін еске салды. Оқылмайтын, стандартқа сай келмейтін немесе дұрыс орнатылмаған нөмірлер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ал жалған нөмірлерді пайдалану немесе оларды жасыруға арналған құралдарды қолдану жүргізуші куәлігінен айыруға дейінгі қатаң жазаға әкелуі мүмкін.

Back to top button