Жаңалықтар

ПАРАҚОРЛЫҚ, ЖЫМҚЫРУ ЖӘНЕ АЛАЯҚТЫҚ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЕКІ АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі 2026 жылдың шілде-тамыз айларындағы жұмыс қорытындысын жариялады.

Осы кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 201 құқық бұзушылық тіркелген. Анықталған қылмыстардың басым бөлігі парақорлық, мүлікті жымқыру, алаяқтық, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және асыра пайдалануға байланысты.

Қылмыстық істер бойынша 140 адам күдікті деп танылды. Тергеу органдары 126 қылмыстық істі аяқтап, оның 110-ы сотқа жолданды. Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған жалпы шығын көлемі 3,7 млрд теңгені құрады.

Back to top button