Жаңалықтар

ӨКІЛЕТТІГІН ТЕРІС ПАЙДАЛАНУ: ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы жеке сот орындаушыларының қызметіне жүргізген тексеру барысында атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың өрескел бұзылғанын анықтады.

Қадағалау органының мәліметінше, жеке сот орындаушыларының бірі атқарушылық іс жүргізу аясында түскен ақшаны пайдалану тәртібін бұзған. Соның салдарынан өндіріп алушыларға тиесілі 532 мың теңге аударылмаған. Сонымен қатар 9,8 млн теңге заңсыз түрде үшінші тұлғаның есепшотына жіберілген.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 251-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл бап жеке сот орындаушысының өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін жауапкершілікті көздейді.

Прокуратураның мәліметінше, тергеу барысы қадағалау органының ерекше бақылауында.

Back to top button