Қазақстанда 671 өнеркәсіптік кәсіпорын суды қайта немесе айналымды сумен жабдықтауға көшуге дайындалып жатыр. Бұл талаптар су кодексінде көзделген.
Қазіргі уақытта көшу бойынша 191 жоспар әзірленген, оның 91-і келісу сатысында. Тағы 278 жоспар әзірлену үстінде.
Заңнама талаптарына сәйкес, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жылу өндіруші субъектілер суды қайта немесе айналымды сумен жабдықтауға кезең-кезеңімен көшу жөніндегі бес жылдық жоспарларды әзірлеуге тиіс.
Белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда заңнамада су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін қысқарту шаралары қарастырылған.
Бұл өзгерістердің негізгі мақсаты — өнеркәсіпте суды қайта пайдалану үлесін 28%-ға дейін арттыру.
Қазақстанда жыл сайын шамамен 25 млрд текше метр су тұтынылады. Оның 20-25%-ы өнеркәсіп саласына тиесілі.
