Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУ КУРОРТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТАНЫЛДЫ

Алматы облысындағы Oi-Qaragai тау курорты халықаралық Ski Business Awards салалық сыйлығының «ТМД-ның үздік курорты» номинациясында жеңімпаз атанды. Марапат туристік бизнес, қонақүй индустриясы және курорттық инфрақұрылымды дамыту саласының өкілдерін біріктіретін Туристік аумақтар форумы (FTT) аясында табысталады.

Oi-Qaragai курорты бұл жолы да кәсіби ортада жоғары бағаланды. Бұған дейін курорт IT-шешімдері мен балалар лагерін ұйымдастырғаны үшін марапатталған. Ал өткен жылы «Үздік маркетинг директоры» номинациясында Максим Козлов жеңімпаз атанған.

Курорттың бас директоры Александр Ворониннің айтуынша, бұл марапат Қазақстанның өңірдегі туристік әлеуетін тағы бір мәрте танытты. Сонымен қатар компанияның басым бағыттарының бірі – тауда демалуды жергілікті тұрғындар үшін қолжетімді ету.

Oi-Qaragai курортында қазақстандықтарға қызметтерді шетелдік туристерге қарағанда төмен бағамен пайдалануға мүмкіндік беретін «Отан» арнайы тарифі қолданылады. Компания курорт басшысының айтуынша, инфрақұрылымды жаңғыртып, қызмет көрсету сапасын арттырумен қатар, осы бағытты дамытуды жалғастырады.

Back to top button