2026 жылдың басынан бері Қазақстанда мүгедектігі бар 10,8 мың азамат жұмысқа орналасты. Мансап орталықтарына жүгінген 29,5 мың адамның 18,2 мыңы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.
5,1 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты, тағы 5,4 мың азамат мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жіберілді. Олардың қатарында қоғамдық жұмыстарға, жастар практикасына, «Күміс жас» жобасына және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар бар.
2026 жылға мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша 16 706 адамға арналған квота белгіленді. Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша квота аясында шамамен 6,2 мың адам жұмысқа орналасты. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 8,1 мың адамды құрап, белгіленген квотаның 48 пайызына жетті.
1 қазанға қарай арнайы 47 жұмыс орны құрылды. Оның 25-і есту қабілеті бұзылған адамдарға, 12-сі көру қабілеті бұзылған азаматтарға, тағы 10-ы тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға арналған. Сонымен қатар мүгедектігі бар 235 қызметкердің еңбекақысын субсидиялау үшін жұмыс берушілерге мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Бұдан бөлек, 243 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтті, ал 578 азамат бизнес-идеяларын дамытуға арналған мемлекеттік гранттарға ие болды.
Мемлекеттік қолдау шаралары жұмысқа орналастыру квоталарын белгілеуді, жұмыс орындарын субсидиялауды, кәсіптік оқытуды және кәсіпкерлікті қаржылай қолдауды қамтиды.
