Жаңалықтар

КҮТІЛГЕН НӘТИЖЕНІ АҚТАМАҒАН ОНЛАЙН-ОҚУ: ТҰТЫНУШЫ ӨТПЕГЕН КУРСТЫҢ АҚШАСЫН ҚАЙТАРДЫ

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ұлына Python бағдарламалау тілі бойынша онлайн-курс сатып алған. Алайда оқу басталғанға дейін бағдарламамен мұқият танысқан әйел курс мазмұны күткен талаптарына сәйкес келмейді деген қорытындыға келген.

Осыған байланысты тұтынушы білім беру ұйымына шартты бұзу және төленген қаражатты қайтару туралы жазбаша өтініш жолдаған.

Алайда компания бұл өтінішті елемеген. Жауап ала алмағаннан кейін келіншек Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген.

Мамандар азаматшаға Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес, ол кез келген уақытта көрсетілетін қызметтен бас тартуға құқылы екенін түсіндірген. Сонымен қатар, нақты шығындармен расталмаған қаражатты ұстап қалу заңсыз болып табылады.

Уәкілетті органның араласуынан кейін дау сотқа дейінгі тәртіпте реттеліп, нәтижесінде келіншекке 100 000 теңге толық көлемде қайтарылды.

Back to top button