Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТІС ПРОТЕЗІН ЖҰТЫП ҚОЙҒАННАН КЕЙІН ӨТЕМАҚЫ АЛДЫ

 

Алматы облысының тұрғыны тісін емдету үшін стоматологиялық клиникалардың біріне жүгініп, көрсетілген қызметке 170 мың теңге төлеген. Емдеу барысында оған уақытша тіс протезі орнатылған.

Кейін пациент тамақ ішу кезінде уақытша протезді абайсызда жұтып қойғанын айтып, клиниканы қызмет сапасының талапқа сай болмауына байланысты айыптады. Осыған байланысты ол емдеу құнын толық қайтаруды талап еткен.

Клиника өкілдері пациентке орнатылған протездің уақытша екені алдын ала ескертілгенін мәлімдеді. Сондай-ақ медициналық мекеме оны қайта қабылдап, қажетті түзету жұмыстарын жүргізуге дайын екенін білдірген. Алайда тараптар дауды өзара шеше алмаған.

Тұтынушының өтінішінен кейін Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жағдайды «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 42-4-бабы аясында қарады. Ведомство мамандары тараптарға заңнама талаптарын түсіндіріп, дауды сотқа дейін реттеу жұмыстарын ұйымдастырған.

Жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде тараптар өзара келісімге келіп, клиника тұтынушыға 170 мың теңгені толық қайтарды.

Back to top button