Жаңалықтар

ӨТПЕГЕН МЕРЕКЕГЕ 1 МЛН ТЕҢГЕ: МЕЙРАХАНАМЕН ДАУ ҚАЛАЙ АЯҚТАЛАДЫ ?

Жетісу облысының тұрғыны отбасылық мерекесін өткізу үшін мейрамханаға 1 млн теңге төлеген. Алайда отбасылық жағдайға байланысты іс-шара өткізілмеген. Әйел адам белгіленген күнге шамамен екі ай қалғанда кәсіпкерге өз шешімі туралы хабарлаған.

Кәсіпкер төленген соманы қайтарудан бас тартып, оны кепілақы ретінде қабылдағанын айтқан. Бұл ретте тараптар арасында жазбаша шарт жасалмаған, сондай-ақ тұтынушыға ақшаның қайтарылмайтыны туралы алдын ала ескертілмеген.

Мәселені өз бетінше шеше алмаған әйел Жетісу облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген. Соның негізінде кәсіпкерге талап-арыз жолданып, дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу ұсынылды.

Нәтижесінде кәсіпкер тұтынушыға 1 млн теңгені толық көлемде өз еркімен қайтарды. Осылайша дау сотқа жүгінбей және қосымша шығынсыз шешілді.

Қаражат қайтарылғаннан кейін әйел кәсіпкерге қатысты талап-арызы жоқ екенін айтып, Департамент қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Back to top button