Жаңалықтар

АЛМАТЫ KITF 2026 ІРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ КӨРМЕСІН ҚАБЫЛДАЙДЫ

2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Алматыда өтетін KITF 2026 халықаралық туристік көрмесі Орталық Азиядағы саланың басты кәсіби алаңдарының бірі болмақ.

Ұйымдастырушы Iteca компаниясының мәліметінше, іс-шара өзекті мәселелерді талқылау және жаңа мүмкіндіктерді зерделеу үшін туризм индустриясы өкілдерін біріктіреді. Көрменің дәстүрлі өтетін орны – «Атакент» қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығы.

Биыл көрмеге 22 елден шамамен 400 компания қатысады деп күтілуде. Қатысушылар қатарында Азия, Таяу Шығыс, Еуропа және ТМД елдерінің өкілдері бар. Мұндай кең география KITF көрмесінің өңірлік туристік индустрия үшін маңызды платформа екенін тағы бір мәрте айқындай түседі.

Қатысушылар қатарында:
* туроператорлар;
* әуе компаниялары;
* қонақүй желілері;
* технологиялық компаниялар бар.

Көрмеде Қазақстанның ұлттық экспозициясына ерекше назар аударылады. Онда Алматы мен өңірлердің туристік әлеуеті таныстырылып, ішкі туризмнің мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл халықаралық серіктестердің жаңа бағыттарға қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Жобаға салалық министрлік пен ұлттық туристік ұйымдарды қоса алғанда, мемлекеттік және кәсіби құрылымдар ресми қолдау көрсетеді. Бұл көрменің бизнес пен мемлекет арасындағы диалог алаңы ретіндегі маңызын арттырады.

Back to top button