Жаңалықтар

ҰҚК ВАЛЮТАЛЫҚ КОНТРАБАНДАНЫҢ АУҚЫМЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

2026 жылдың басынан бері ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері жалпы сомасы 6,9 млрд теңгені құрайтын қолма-қол ақшаны заңсыз әкетудің жолын кесті. Осы кезеңде мемлекеттік шекарада декларацияланбаған валютаны алып өтуге қатысты 681 құқық бұзушылық тіркелді.

ҰҚК мәліметінше, мұндай заң бұзушылықтарды анықтау жұмыстары еліміздің барлық өткізу пункттерінде тұрақты негізде жүргізіліп келеді.

Соңғы оқиғалардың бірі 2 маусымда Атырау облысындағы «Құрманғазы» өткізу пунктінде тіркелді. Шекаралық бақылау кезінде Қазақстан азаматының жеке жүгінен 299,6 мың АҚШ доллары табылған.

Ал келесі күні Жамбыл облысында алты шетел азаматы ұсталды. Ведомствоның мәліметінше, олар шекара арқылы 102,5 млн рубльді жасырын алып өтпек болған.

Екі дерек бойынша да материалдар процестік шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды.

ҰҚК қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан аумағынан қолма-қол шетел валютасын әкетуге шектеу қойылғанын еске салды. Бір адамға рұқсат етілетін ең жоғары сома — 10 мың АҚШ доллары.

Back to top button