Жаңалықтар

Белсенді ұзақ өмір сүру бүгіннен басталады! Қимылдаңыз, араласыңыз, дамыңыз.

 

Белсенді ұзақ өмір сүру – бұл тек ұзақ жасау ғана емес, сонымен қатар өз бетінше әрекет ету қабілетін, күш-қуатты және өмірге деген қызығушылықты сақтай білу.

Тұрақты дене белсенділігі, жақындармен қарым-қатынас, сапалы ұйқы, дұрыс әрі теңгерімді тамақтану және үнемі жаңа нәрсені үйрену физикалық және эмоционалдық денсаулықты сақтауға көмектеседі. Мұны күнделікті серуендеуден, жеңіл гимнастика жасаудан немесе велосипед тебуден бастауға болады. Велосипед тебу жүрек пен қан тамырларын нығайтып, төзімділікті арттырады және бұлшықеттерді шынықтыруға ықпал етеді.

Ұзақ жылдар бойы белсенді болып, өзіңізді жақсы сезіну үшін бүгіннен бастап денсаулығыңызға көңіл бөліңіз!

Back to top button