Жаңалықтар

ОНЛАЙН САУДА ҚАЛЫПТЫ ҚҰБЫЛЫСҚА АЙНАЛДЫ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САУДА ҚАЛАЙ ӨЗГЕРІП ЖАТЫР

Қазақстандағы электрондық сауда соңғы жылдары сатудың баламалы арнасынан бөлшек сауда нарығының негізгі сегменттерінің біріне айналды.

2023-2025 жылдар аралығында нарық көлемі 2,4 трлн теңгеден 3,7 трлн теңгеге дейін өсті. Бөлшек саудадағы онлайн сатылымдардың үлесі 12,7%-дан 14,3%-ға артты.

Негізгі қозғаушы күш — маркетплейстер. Қазіргі таңда бөлшек электрондық сауданың 86%-ы осы платформалар арқылы жүзеге асады. Kaspi.kz, Ozon, Wildberries, Halyk Market, Forte Market және басқа да платформалар тұтынушылардың тауарларға қолжетімділігін кеңейтіп, кәсіпкерлерге елдің түкпір-түкпіріндегі клиенттерге шығуға мүмкіндік берді.

2025 жылы маркетплейстердегі сатылымдардың 17,1%-ын телефондар мен гаджеттер, 12,4%-ын киім, аяқ киім және спорт тауарлары, 12,1%-ын үй мен саяжайға арналған тауарлар, 10,3%-ын тұрмыстық техника, 7,4%-ын азық-түлік құрады.

Сонымен қатар жеткізу қызметтері де жедел дамып келеді. E-grocery бағыты кеңейіп, 2025 жылы Алматы, Астана, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында бес Dark Store жобасы іске қосылды. Бұдан бөлек, маркетплейстер 2 300 жаңа постамат орнатты.

Электрондық сауда экономикасының толыққанды секторына айналып, тұтынушылардың әдеттерін, логистиканы және бизнестің мүмкіндіктерін өзгертуде.

Back to top button