Жаңалықтар

СӘТСІЗ ЖИҺАЗ ТАПСЫРЫСЫ ТОЛЫҚ ӨТЕМАҚЫМЕН АЯҚТАЛДЫ

2025 жылдың қараша айында Батыс Қазақстан облысының тұрғыны жиһазға қатысты сәтсіз тапсырыстан кейін Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінді.

Келіншек жеке шеберге керамограниттен жасалатын қымбат үстелге тапсырыс беріп, жұмыс үшін 170 мың теңге және материалдарға 137 155 теңге төлеген. Алайда бұйымды қабылдау кезінде-ақ кемшіліктер анықталған: үстелдің конструкциясы тұрақсыз болып, үстіңгі бөлігі майысып тұрған. Шебер ақауларды түзетуге тырысқанымен, мәселе шешілмеген. Екі айдан кейін дастарқан үстінде үстел сынып, отырыстың шырқын кетірген.

Кейін орындаушы уәде етілген жөндеу жұмыстарын жүргізуден бас тартқан. Департаменттің қолдауымен келіншек сотқа жүгініп, істі жеңіп шықты. Сот шешімімен оған 300 мың теңгеден астам шығын толық өтеліп, моральдық зиян үшін де өтемақы тағайындалды.

Back to top button