Жаңалықтар

Темекі шегуден бас тартыңыз-өмірдің пайдасына таңдау жасаңыз! Темекісіз әрбір күн — сіздің денсаулығыңызды нығайтады.

Темекі шегу жүрек, өкпе және қан тамырларының жұмысына кері әсер етіп, созылмалы және онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін арттырады. Сонымен қатар темекі түтіні шылым шегетін адамның ғана емес, оның айналасындағы адамдардың да денсаулығына зиян келтіреді.

Темекіден бас тартудың пайдасы алғашқы күндерден-ақ сезіле бастайды. Уақыт өте келе тыныс алу жақсарып, қан айналымы қалыпқа келеді, дене төзімділігі артады. Сондай-ақ дәм сезу және иіс сезу қабілеті біртіндеп қалпына келеді.

Темекіден бас тартыңыз — денсаулық пен ұзақ өмір сүру жолында саналы таңдау жасаңыз!

Back to top button